Солтүстік Қазақстан облысы — Солтүстік Қазақстан облысындағы халық саны 513,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 258 мың адам (50,2%), ауылдықтар – 255,6 мың адам (49,8%).. Ресейдің 3 облысымен және Қазақстанның 3 облысымен:
Облыстың әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы.
Экономика
бағамен 2028021,9 млн. теңгені құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ 6,2% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі – 46,8%, қызмет көрсету – 49,8% құрады.
Тұтыну баға индексі 2026 жылғы ақпанда 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 2,2%, азық-түлік емес тауарлардың – 2,6%, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы 2% өсті.
2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2026 жылғы ақпанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 0,3% өсті.
2026 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі 61429,5 млн. теңгені құрады, немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% көбейді.
2026 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 105429,4 млн. теңгені, немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 147,3% құрады.
Алдын ала деректер бойынша 2026 жылғы қаңтар ЕАЭО елдерімен өзара сауда 33,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар салыстырғанда, 12,2% өсті, оның ішінде экспорт – 3,6 млн. АҚШ долларын (26,2% азайды), импорт – 29,6 млн. АҚШ долларын (19,7% артық) құрады.
Жағрафиясы
Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, ал физико-географиялық қатынаста – Батыс-Сібір жазықтығының оңтүстік шетін және қазақ кең даласының бір бөлігін алады. Жер бедерінде көп көл төмендеулерi, сахаралық ойықтар, аласалау жалдар және жал шұңқырларымен алмасушы бөктерлер бар. Солтүстік-шығыста биіктік 115-120 м, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 200 м.
Облыс Ресейдің Калуга, Тула, Томск облыстары орналасқан кеңістікте жайғасады. Бірақ, көлдер мен өзендердің жоқ болуына байланысты ауа райының кенет құрылықтығымен сипатталып, табиғат жағдайы жағынан олардан әлдеқайда ерекшеленеді. Оның ортақ жазықтығы және шектi аумағы еркiн меридиональ мен ендiк ауамен алмасуға мүмкiндiк туғызады.
Ауа-райы
Ауа-райы кенет құрылықты. Қысы аязды және созылмалы (5 айдан көп), аз қарлы, кеуіп қалатын ауа – райының басымдылығынан жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы −18,5 °C, −19,5 °C, шілденің +18,8 °C ч +19,5 °C. Аязсыз кезеңнің созылуы 109-129 тәулік. Тұңбаның орташа шамамен түсуі 300-340 мм, соның ішінде 4-тен 3-і жылдың жылу уақытында.
Өзендері Обы хауызына жатады. Солтүстік Қазақстан облысының маңында Есіл өзенінің (400 км) орта ағысы Иман –Бұрлық және Ақан-Бұрлық қиылысы бар. Солтүстік-Қазақстан облысында 1000-нан аса көлдер бар, ең бастысы солтүстік-батыста орналасқан. Олардың көбісі мезгілді кеуіп қалады. Тұщы су көлдері басым болады. Аса ірілері: Шағлытеңіз, Солтүстік және Оңтүстік Как, Акуш, Таранколь, Менгисор, Бойлық.
Табиғат ресурстары
Облыста алуан түрлі дәрежедегі пайдалы қазбалар шығарылған және зерттелген. 286 шыққан жері барланған. Олардың ішінде 34-металлды, 2-металлды емес, 217-құрылыс және технологиялық шикізат пен 33-жер асты сулары, оның 6-минералды.
Облыс аумағы Солтүстік Қазақстанның уранды-кенді, алмазды және сирек маталлды қалайылы түкпірі болып саналады. Онда минералды шикізаттың маңызды бөліктері табылған, олар Қазақстан Республикасының балансын құрайды: қалайы бойынша -65%, циркониға -36,6%, уранға -19%, титанға -5%, вольфрамға -1,1%. Минералды-шикізат базасының кең өсуі, әсіресе, оңтүстік-батыс облысында қаралған. Бұнда маңызды алтынның шыққан жері мен пайда болуы, күмістің, техникалық және зергерлік алмаздардың, қалайының, титанның, түрлі-түсті және сирек металлдардың, бұрғыланған көмірлердің тізімі бар.
Иеленуге дайын болып Грачевское, Косачинское, Семизбайское уранының шыққан жері саналады. Кеспелтек - титан - циркони кендерi, Сырымбет - қалайы, алтынның шыққан жерi - Солтүстiк Батыстысы және Домбралы – 2 шыққан жеріне өндірістік өңдеу жүргізіліп жатыр.
Пайдалануда тек кейбір құрылыс тастары мен құмдарының шыққан жерлері бар. Теке өзені мен Жақсытұз көлінің шыққан жерінде қайнатылған тұзға зерттеу жүргізіліп, қазба шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұздың қорлары мемлекеттiк балансқа алынған.
Есіл және Айыртау аудандарында алтын мен күмістің шыққан жеріне өндірістік баға беру мақсатында геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кеспелтек - титан - циркони кендерi, Сырымбет – қалайының шыққан жерлеріне өндірістік зерттеу жүргізіліп жатыр.
Жануарлар мен өсімдіктер әлемі
Солтүстiк Қазақстан облысы сахаралық аймақтар мен ағашты дала шектерінде орналасқан. Ағашты далада оңтүстік ағашты даланы және колочнулы ағашты даланы ерекшелейді. Оңтүстік ағашты дала облыстың солтүстігін алып жатыр және боз орманды топырақтардағы қайың мен көк теректі қайың орманы, сілтіленген қара топырақтар және шалғынды құйқалы жерлерде бозды бетегелі дәнді шалғындық далалары бар шақаттар көрсетілген, өлеңтұқымдас батпақтар, кейде талды тоғайлар кездеседі. Колочнулы ағашты дала Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігін алып жатыр. Қозуланған шақаттағы орманды массивтер көк теректі қыршаңқы қайынды құрастырады. Кәдімгі қара топырақтарға жыртылған бозды бетегелі жерлер басым болады. Жабулы аудан аумақтың 8% құрайды, ормандары көбінесе қайыңды болып келеді.
Бұлан, сiбiр елiгi, қабандар мен жыртқыш аңдардан - қасқыр, түлкi - кәдiмгi және қарсақ, қояндар - ақ қоян және орысшыл, жеркесер және кiрпiлер кездеседі. Егеуқұйрық жерсіндірілген. Суаттарда балықтардан шортан, табан, алабұғалар, шытымырлан, аққайраң тағы басқалары жүреді.
Еңбек
2025 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 11,5 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санына 4,4% құрады.
2026 жылғы 1 наурызға Мансап орталықтарында жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар саны 4411 адамды құрады, немесе жұмыс күшінің санына 1,6% болып қалыптасты.
2025 жылғы III тоқсанда қызметкерлерге есептелген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарсыз) орташа айлық атаулы жалақы 317302 теңгені құрады, 2024 жылғы III тоқсанға өсім 10,6% құрады.
2025 жылғы III тоқсанда нақты жалақы индексі 98,1% болып қалыптасты.
2025 жылғы III тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 207096 теңгені құрады, бұл 2024 жылғы III тоқсанға қарағанда 3,5% жоғары. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай кіріс индексі 91,9% құрады.
Салалық статистика
2026 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 162737,2 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар-ақпанға салыстырғанда 32,5% жоғары. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 16,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 35,3%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда – 15,6%, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте – 28% өсті.
2026 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылу көлемі 28064,5 млн. теңгені, немесе 2025 жылғы қаңтар-ақпанға 104,9% құрады.
2026 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 1589,5 млн. ткм құрады (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің орындаған жүк айналымын бағалау есебімен), немесе 2025 жылғы қаңтар-ақпанға 98,4%.
Жолаушы айналымы 76,3 млн. жкм құрады, немесе 2025 жылғы қаңтар-ақпанға 101,4%.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 6688,7 млн. теңгені, немесе 2025 жылғы қаңтар-ақпанға 145% құрады.
2026 жылғы қаңтар-ақпанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 3,3% өсіп, 13,4 мың шаршы метрді құрады, одан көппәтерлі тұрғын үйлердің – 3,1 есе (1,1 мың шаршы метр). Пайдалануға берілген жеке үйлердің жалпы ауданы 2,7% азайды (12,3 мың шаршы метр).
2026 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 35099,4 млн. теңгені, немесе 2025 жылғы қаңтар-ақпанға 89% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдайға 11017 бірлікті құрап, арғы жылғы сәйкес күндегімен салыстырғанда 1,7% азайды, соның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 10753 бірлік. Жұмысістеп тұрған заңды тұлғалардың саны 9109 бірлікті құрады, оның ішінде 8845 бірлік – шағын кәсіпорындар. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының (заңды тұлғалар) саны 8196 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,1% азайды.